Бірыңғай блог-платформасы Қазақстан Республикасы Шымкент қаласының мемлекеттік және жеке
меншіктік нысанындағы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беретін ұйымдар басшыларының

Бірыңғай блог-платформасы

eye 
Негізгі бетБасшылар блогы
«№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп – интеранты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Абайский район
Қазақстанда білім беру үрдісінің өзіндік ұлттық үлгісі орнығып, жаңа мазмұндағы оқыту жүйесі қалыптасуда. Дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсаты көзделіп, әрбір ғылым саласында нақты өзгерістер енгізілуде. Мұндай түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесінің даму бағыттарын нақтылап, оны тың арнаға, жаңа сапаға қарай дамыту қажеттілігін міндеттейді. «Терең білім – Тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаматтарымыздың алдаспаны», – деген Елбасы сөзі ұлтымыздың ұранына айналғандай.
Білім – адамзаттың сарқылмас қазынасы. Адамзат білімімен ғана басқалардан озады. Сондықтан заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов: «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім», – деген.
Ұлттың білімі мен біліктілік сапасын анықтайтын орта – мектеп. Жас ұрпаққа білім мен тәрбиенің сарқылмас көзі мектепте беріледі. Шымкент қаласындағы сондай білім мен тәрбиенің ордасына айналып келе жатқан мектептердің бірі - №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты.
Білім – тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күретамыры.
Бүгінгі таңда бәсекеге қабілеттілік білікті мұғалім мен сапалы маманға байланысты. Педагогикалық ұжымның еңбегінің жемісі мектептің өрге тартқан өмір көшінің алды болуынан көрінеді. Мектебіміздің оқушылары да, мұғалімдері де білім, өнер, спорт саласынан халықаралық, республикалық, қалалық деңгейде жетістіктер көрсетіп келеді.
Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену бар. Қазақ мектебі болып келе жатқан №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатынан жыл сайын түлектер қанатын қағып, еліміздің, шет елдің жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастырып жүр. Болашақ Қазақстанның білікті мамандары болатыны сөзсіз. Сондықтан да ұлттық тұғырын берік ұстап келе жатқан білім ордасының өткені мен бүгінгі келбетін көрсететін осы сайт көпшілік көңілінен шығады деп ойлаймын.
Құрметпен, №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты директоры Сауранбаев Сапарғали Жакиұлы

  • Сұрақтар-жауаптар
  • Сұрақ қою
Аты жөніңіз:


Сұрақ тақырыбы:


Сұрақ:


Суреттегі кодты жазыңыз:


Сауранбаев Сапарғали Жакиұлы
«№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп – интеранты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Биография
Жеке кабинет