Өмірбаян
Жайлаубаева Актолкын Акжоловна 1970 жылы 05 қазанда ОҚО Қазығұрт ауданы Рабат селосында дүниеге келді. 1987ж М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтына түсіп, 1992 ж «ЖТП» және еңбек мамандығын алып шықты. 1992-1999ж Сарыағаш ауданы «Колтоғай» орта мектебінде еңбек пәні мұғалімі болып жұмыс бастады. 2000 жылдан бастап Т.Рысқұлов атындағы №25 гуманитарлық –этнопедагогикалық гимназия мектебінде технология пәні мұғалімі болып қызмет атқарды. 2009 жылы №79 жалпы орта мектепке директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, 2013ж бастап осы мектепке мектеп директоры болып тағайындалды. Отбасылы: күйеуі, екі ұл, екі қызы бар.
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «№79 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1934 жылы қолданысқа берілді.
Бүгінгі мектеп директоры Жайлаубаева Актолкын Акжоловна басқаратын ұжымда 86 мұғалім қызмет атқарады (байланыс телефондар 53-89-38). Жоғары санатты 45, бірінші санатты 21, екінші санатты 13, санатсыз 7 мұғалім, оның ішінде педагог-зерттеуші 52, педагог-сарапшы 14, педагог-модератор 10 мұғалім.
Мектебімізде қазіргі таңда 845 оқушы білім алуда. Оқушылардың әлеуметтік жағдайы бойынша 91 оқушы аз қамтамасыз етілген отбасынан, 131 оқушы көп балалы отбасынан шыққан, 38 оқушы жартылай жетім, 11 оқушы тұл жетім, 2 оқушы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, 11 оқушы мүгедек, 9 оқушы үйде оқытылады.
2018-2019 оқу жылында жалпы орта мектеп бітіруші 40 оқушының 5-і «Алтын белгі», 1-і «Үздік» аттестатпен, негізгі орта мектеп бітіруші 65 түлектің 5-і «Үздік» аттестатпен оқу жылын қорытындыласа, ал мемлекеттік грантқа 16 мектеп бітірушілері ие болды. Биылғы 2019-2020 оқу жылында жалпы орта білім бойынша 3 оқушы «Үздік» аттестатқа, негізгі орта білім бойынша 3 оқушы «Үздік» аттестатқа үміткерлер.