Өмірбаян
Мен, Бимырзаева Айнұр Жарылқасынқызы 1974 жылы 11 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Арыс селосында дүниеге келдім. Әкем – Бимырзаев Жарылқасын Ахметұлы (зейнеткер, 17.09.2021ж. дүниеден озды). Анам – Құрманбекова Шарапат Қожахметқызы (зейнеткер, ардагер ұстаз, ҚР «Білім беру ісінің үздігі», «Құрмет» орденінің иегері, «Отырар ауданының құрметті азаматы»).
1981 жылы Отырар ауданы Шәуілдір селосы В.И.Ленин атындағы орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 1991 жылы Отырар ауданы, «Жаңа Шілік» совхозында «М.Шаханов» атындағы орта мектепті бітірдім.
1995 жылы ОҚО «Домалақ ана» атындағы ұлттық педагогикалық техникумын «Қазақ тілі және араб тілі пәні мұғалімі» мамандығы бойынша Үздік дипломмен тәмамдадым.
2001 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша толық курсын бітіріп шықтым.
1995 жылы 27 қыркүйектен Шымкент қаласы №26 Жамбыл атындағы мектеп - гимназиясында араб тілі пәнінің және бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істедім.
2004 жылы 18 ақпаннан Шымкент қаласы №52 М.Өтемісұлы атындағы мектепте бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқардым.
2009 жылы 4 желтоқсаннан Шымкент қаласы №26 Жамбыл атындағы мектеп - гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істедім.
2010 жылы 14 желтоқсаннан Шымкент қаласы №52 жалпы орта мектепте директордың оқу жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.
2014 жылы ОҚО Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталдым.
2015 жылы 1 қыркүйектен Шымкент қаласы №52 мектеп-лицейінде директордың бейін жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.
2015 жылы 12 тамызда ҚР «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» төсбелгісімен марапатталдым.
2018 жылы ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша өткізілген курста жоғары нәтижелер көрсеткенім үшін Алғыс хатымен марапатталдым. НЗМ ДББҰ.
2019 жылы 22 ақпаннан Шымкент қаласы №52 мектеп-лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалдым.
2019 жылы 29 қарашадағы Жарлықпен Қазақстан Республикасының Президентінің Құрмет грамотасымен наградталдым.
2020 жылы «ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМІ - 2020» ұлттық сыйлығының топ
50 үздік мұғалімдер қатарына енген қатысушының Дипломымен марапатталдым.
Отбасым: жолдасым – Алиев Нұрбек Мадешұлы (жеке кәсіпкер), екі қызым – Мадеш Нұрлы Нұрбекқызы (СЭС қызметкері, тұрмыста), Мадеш Бірханым Нұрбекқызы (мед. колледж студенті), екі ұлым - Мадеш Нұрхан Нұрбекұлы (М.Әуезов ОҚМУ студенті), Мадеш Мұхаммед Нұрбекұлы (№2 дарын мектебінің оқушысы)
Мекен-жайым: Шымкент қ., Б.Алимбеков көшесі, №21 үй.