Мен, Тугелов Адил Турдыбаевич 1981 жылы ОҚО, Ордабасы ауданы, Көкбұлақ ауылында дүниеге келдім.
Ұлтым - қазақ.
Білімім - жоғары.
ОҚО Ордабасы ауданы «Көкбұлақ» жалпы орта мектебін 1988-1996 жылдар аралығында оқыдым.
1996-1998 жылдары А.Байтұрсынов атындағы №50 мектепте оқыдым.
2001-2005 жылдар аралығында «Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің» тарих және география мамандығын алып шықтым.
03.01.2005ж-31.08.2005ж аралығында №95 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет атқардым.
01.09.2005 жылы Көкбұлақ орта мектебі мемлекеттік мекемесіне тарих пәнінің мұғалімі қызметіне жұмысқа кірдім.
Қазіргі таңда «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінде» директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарудамын.
Педагогикалық еңбек өтілім - 19 жыл.
Жалпы еңбек өтілім - 19 жыл.
Санатым педагог-зерттеуші.
Жұбайым – Аманкулова Айнур Абдулхасанкызы «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінде» тарих пәнінің мұғалімі.
Қызым – Тұрдыбай Әсел Әділқызы «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінің» 10-сынып оқушысы.
Қызым – Тұрдыбай Балнұр Әділқызы «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінің» 8-сынып оқушысы.
Ұлым – Тұрдыбай Нұрасыл Әділұлы «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінің» 5-сынып оқушысы.
Қызым – Тұрдыбай Сымбат Әділқызы «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінің» 1-сынып оқушысы.
Ұйымдастарушылық қаблетім мол, ұжыммен тез тіл табыса алатын, алдыма міндеттер қойып, жаңашыл озық үлгілерін терең меңгерген іскер педагогпын.
Өз пәнімді жетік меңгерген, оқушыларға сапалы да тиянақты білім беруде оқытудың белсенді әдістерін қолдана білемін. Білім беру саласындағы нәтижелі жұмысы мен сапалы еңбегім бағаланып, Облыстық білім басқармасының, Облыстық әкімшіліктен, қалалық әкімшіліктен, қалалық білім басқармасынан, қалалық маслихаттан және Аманат партиясынан «Құрмет», мақтау қағаздарымен марапатталғанмын.