Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия директоры
Жамиля Смаиловна Оспановаға
Өмірбаян
Шымкент қаласы Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия директоры Оспанова Жамиля Смаилқызы 1985 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, алғашқы педагогикалық еңбек жолын Шымкент қаласындағы №24 орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. №24 мектепте 1990 жылдан бастап мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
1993 жылдан бастап №65 мектепте осы қызметті әрі қарай жалғастырған. 1996 - 2003 жылдар аралығында директордың ғылыми - әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарының қызметінде, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында 2003-2007 жылдар аралығында директор қызметін атқарған.
Т.Тәжібаев атындағы №47 тарихи – гуманитарлық мектеп – гимназиясына 20.09.2007 жылы директор болып тағайындалды.
Жамиля Смаилқызы басқарып отырған №47 мектеп – гимназиясы 2009-2012 оқу жылдарында ҰБТ қорытындысы бойынша қалада І орынды иеленіп, ͈ Үздік мектеп" грамотасымен марапатталды. 2009-2010 жылы республикада ͈ Үздік- 100 мектеп" қатарына енді. Сонымен қатар осы жылы ҰБТ – да 125 бал жинаған түлегіміз республикаға мектебіміздің атын шығарды. 2010 жылы Республикалық "Дарынды балалар- Қазақстанның болашағы" атты энциклопедиясының дипломы мен марапатталды.Басылымға енді.
Мектеп оқушылары, мұғалімдері қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өткізіліп жатқан байқауларға,форумдарға, жарыстарға үнемі қатысып диплом, мақтау қағаздарына, алғыстарға қол жеткізуде.
Жамиля Смаилқызы «Білім беру ісінің үздігі» 1996 жыл, 2003 жылы Обл. Маслихатының «Құрмет грамотасымен», 2005-2008 жылдары қалалық, облыстық білім департаменттерінің Алғыс хаттарымен марапатталса, 2009-2012 жыл аралығында қала әкімінің Алғыс хаттарымен, 2009 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағазымен.
2013 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды.
2014 жылы Республикалық «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы» журналында «Педагог жетістігі – гимназия жетістігі» мақаласы жарияланды.
2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директорлар арасында өткізілген конкурста «Үздік менеджер» номинациясына ие болды.
2014 жылы ОҚО Шымкент қаласы Әл-фараби ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды
2014 жылы ОҚО тарихи-өлкетану мұражайының директорының Алғыс хатымен марапатталды.
2014 жылы ОҚМПИ ректорының Алғыс хатымен марапатталды.
2014 жылы "ЖҚТБ-нен балаларды қорғау" қайырымдылық қоғамдық қорының Алғыс хатымен
2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының әкімінің Алғыс хатымен
2015 жылы ҚР Оңтүстік Қазақстан облысы Білім , жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды
2015жылы Облыс прокурорының Алғыс хатымен заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін
2015 жылы Қалалық мәслихаттың Алғыс хатымен
2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен
2016 жылы ОҚО әкімінің Алғыс хатымен
2016 жылы Шымкент қаласының білім бөлімінің Алғыс хатымен
2016 жылы Оңтүстік Қазақстан Облысы қала әкімінің Алғыс хатымен
2016 жыл Оңтүстік Қазақстан облысы, білім басқармасының Алғыс хатымен
2016 жылы ҚР " Тәуелсіздігінің 25 жылдық" мерекелік төсбелгісімен марапатталды.
2017-2018 жылы Қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.