1. Тегі, аты, әкесінің аты: Сахова Айнур Алибековна
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Шымкент қаласы М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназияның директоры
3. Жынысы: Әйел
4. Туған жылы мен туған жері: 19.08.1973 ж. Шымкент қаласы
5. Ұлты: қазақ
6. Білімі: жоғары, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (1991ж), Қ.А.Яассауи атындағы ХҚТУ қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі (2010)
7. Ғылыми дәрежесі ғылыми атағы: жоқ
8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған күні: «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі-2020 ж
9. Мекен жайы: Шымкен қаласы Байтұрсынов көшесі, №65
10. Жалпы жұмыс өтілі: 26 жыл
11. Саладағы жұмыс өтіл: 26 жыл
12. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі:5 жыл
13. Марапатталушының нақты ерекше еңбегін көрсететін мінездемесі:
Сахова Айнур Алибековна М. Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған № 8 гимназияда 2016 жылдан бастап директор болып жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында директор өзін кәсіби шеберлігін ұштаған, үздіксіз ізденістегі педагогтік ұстанымы айқындалған, оқу үрдісіне жаңа оқыту технологияларын ұтымды ендіру жолдарына аса көңіл бөлетін мұғалім білім сапасының тұрақты көрсеткішін береді. Жұмысқа деген шығармашыл көзқарасы, мұғалім әлеуетін үздіксіз көтеруге бағытталған әрекеті шәкірттері бойында орыс тілі мен әдебиеті пәніне қызығушылығын арттырады.
Сахова Айнур Алибековна орыс тілі және әдебиетінің пәнін оқыту әдістемесін жоғарғы деңгейде меңгерген ұстаз. Еңбексүйгіштік, оқытуға деген шығармашылық ұстаным –мұғалімге тән қасиеттер. Айнур Алибековнаның сабақтары өзінің нақты ұйымдастырушылығымен, ғылыми тереңдігімен, қисынды қорытындылауымен ерекшеленеді. Оқушы білімін тексеруді іскерлікпен жоспарлай отырып , басты істерге асқан жауапкершілікпен қарайды. Ол оқу үдерісіне оқушы қызығушылығын арттыру мақсатында тынбай еңбек етеді.