Жанабаева Роза Уызбеккызы – мектеп-гимназия директоры
1984-1996 жылдар аралығында Түлкібас ауданында математика пәні мұғалімі қызметін атқарды.
№25 Т.Рысқұлов атындағы мектепте 1997 жылдан бері математика, информатика пәні мұғалімі жұмысын атқарды. Жоғары санаты бар.
1997-2017 жылдар аралығында Р.У.Жанабаева өз іскерлігімен, білімділігімен жауапкершілігімен №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназияның көзге түсіп келе жатқан ұстаздардың қатарында болды. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі озық шығармашылық еңбектері мен жетістіктері мол. Инновациялық технологияларды оқу үрдісіне енгізу жұмыстарына белсенді қатысты.
Ұстаздық қызметіндегі соңғы 5 жылдағы жетістіктерін атап өтетін болсақ:
- 2010-2011 оқу жылында оқушылардың экономика пәні бойынша VII Облыстық турниріне 10ә сынып оқушысы Жетпісбек Айжанды дайындықпен қатыстырып, нәтижесінде оқушысы облыстық білім басқармасының 2 дәрежелі дипломымен марапатталды;
-2013-2014 оқу жылында 6 сынып оқушысы Рахматуллаев Рысдәулетті жоғары деңгейде дайындап, «ХІV Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатыстырып, оқушысы ҚР Білім және ғылым министрлігінің сертификатын иемденді;
-2014-2015 оқу жылында 7 сынып оқушысы Ұ. Жақыпбайды халықаралық қашықтан қатысу жобасы бойынша «Инфоурок» олимпиадасына жоғары деңгейде дайындап қатыстырып, І орынды иемденіп, І дәрежелі дипломды иеленді;
-2014-2015 оқу жылында Республикалық «Жас ғалым» атты ғылыми жұмыстары сайысында 7 сынып оқушысы Жақыпбай Ұлжалғас Paint графикалық редакторында қазақтың ұлттық ою-өрнегін өңдеу жұмысымен қатысып, І орынды иемденіп, дипломмен марапатталды.
Мамандығына байланысты АСУ, e-learning, ҰБДҚ ақпараттық базаларының қалыптасуына да атсалысты.
2009-2017 жылдар аралығында директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметінде болды. Мектеп-гимназия қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етті. Мемлекеттік емтихандардың талапқа сәйкес өткізілуін қамтамасыз ете отырып, ҰБТ тапсыру нәтижелері бойынша қаладағы алдыңғы қатарлы мектептердің ішінде болуына еңбек
2017 жылы ақпан айында қала әкімшілігімен өткізілген ашық конкурс негізінде мектеп-гимназия директоры болып тағайындалды.
-2014-2015 оқу жылында Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Құрмет грамотасымен» педагогикалық қызмет жолында жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп, білім саласын дамыту ісіне үлкен үлес қосқаны үшін марапатталды.