Налибаева Гүлнара Шариповна
1966 жылы 1 ақпан күні Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Жданов савхозында қарапайым отбасында дүниеге келген.
Әкесі - Налибаев Шәріп ұзақ жылдар бойы Жданов савхозының корм заводында директор лауазымында жұмыс жасаған.
Анасы - Налибаева Жәмила отбасында он құрсақты көтеріп, дүниеге әкелген. Ұлды ұяға, қызды қияға қондырған ардақты ана.
Білімі:
1. 1973-1983жылдар арасында Жданов савхозында орналасқан Маяковский мектебінде оқыған. 2. 1992 -1997 жылдары Ташкент қаласындағы Гулистан университетінің математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқыған.3. 2003-2005 жылдары Шымкент қаласы Шымкент университетінде бастауыш оқыту әдістемесі мамандығы бойынша оқыды.
Отбасы ұйытқысы -ана. Көп балалы отбасынан шыққан, болашағын құруда да көп балалы отбасына келін болып, Баятанов Бақытпен отбасы құрады. Олар екі ұл, бір қызды тәрбиелеп, оқытып, өз орындарына жайғастырған. Бүгінгі күнде 9 немеренің сүйікті әжесі.
Налибаева Гулнара Шаріпқызы еңбек жолын
1. 2004-2014 жылдары Шымкент қаласындағы №47 Т.Тәжібаев атындағы мектеп-гимназияда бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс атқарды.2. 2014-2021 жылдары Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты №109 мектеп директоры қызметінде жұмыс жасады.
3. ҚР білім және Ғылым министірінің мектеп басшыларын ратациялау бойынша бұйрық негізінде 2022 жылдың 8 тамызынан бастап қазіргі күнге дейін №114 «Сайрам» жалпы орта білім беретін мектебі директоры болып ауысты.Налибаева Гулнара Шәріпқызы – білікті де білімді маман. Ол өз ісіне жауакершілікпен қарайтын, барлық тапсырмалар мен жұмыстарды тиянақты орындайтын ұстаз әрі басшы. Ұжымды ұйымшылдықпен, мақсат үшін бағыттай алады.
Педагог кадрларды оқыту мен оқуға жаңаша көзқарастар қалыптасуында басшының еңбегі орасан зор. Жаңа әдіс-тәсілдерді, үдерістерді терең меңгерген. Ұстаздардың сабақтарын талдап, қолдау көрсетеді, оларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, жігерлендіреді. Ұжымды тиімді басқарып, «Заманға лайықты тұлға тәрбиелейтін ұстаз қандай болу керек?» деген тақырып төңірегінде ой бөліседі. Ол үнемі ізденіс үстінде. Мұғалімдерге өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасайды, қолдау көрсетеді. Тиімді оқыту мен оқуды қамтамасыз ету мақсатында басшы тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
Мектеп директоры ұжымда өзінің кәсіби құзіреттілігі, басқарушылық қабілетімен әр түрлі жағдайларда дұрыс және тиімді шешім қабылдай алуымен ерекшеленеді. Басқарушылық құзіреттілігінің арқасында мектепте іскерлік орта қалыптасқан.
Мектепте ұстаздарының білімін шыңдау, тәжірибесін бөлісу мақсатында республикалық, облыстық, қалалық мектептер қоғамдастығы аясында семинар-конференциялар, дөңгелек үстелдер мен дебаттар жүйелі түрде өткізіледі.
2022 жылдың 6 наурыз күні «Сапалы білім» тақырыбында
Гулнара Шәріпқызы басшылығында ұйымдастырылған қалалық семинар өткізілді. Шымкент қалалық Әдістемелік орталықтың мамандары және педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру институты мамандары тарапынан жоғары бағаланды. Мектеп басшысының ұйымдастырушылық және педагогикалық құзіреттілігіне жоғары баға беріліп, алғыстарын айтты. Жүйелі түрде өтіп жатқан тиімді оқыту бағдарламасы аясындағы іс-шаралар мұғалімдердің біліктілігін арттыруда оң әсерін беруде. Мектеп басшысының құзіреттілігі арқасында мұғалімдердің басым көпшілігінде оқыту мен оқуға болған жаңаша көзқарастар қалыптасқан. Ұжымдың моралдік – психологиялық жағдайы жақсы деңгейде.
Кез келген оң ұмтылыс, идея басшы тарапынан қолдау табады. Мектепте ата-аналар, ұстаздар және оқушылар арасында жағымды, дамытуға бағытталған қарым-қатынас жолға қойылған. Басшы өзінің білімі, басқарушылық қабілеті және адамгершілік қасиеттерінің арқасында ұжымда да, ата-аналар мен оқушылар арасында да беделге ие.
Гулнара Шәріпқызының атқарған жұмыстары нәтижесінде біраз жетістіктерге қол жеткізді:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Грамотасымен марапатталған.
Ел бірлігі және татулығы жолындағы саясы науқандарға белсенді қатысқаны үшін Қазақстан халқы ассамблеясы, облыстық, қалалық білім бөлімі басшылары тарапынан марапатталған.
Әділдік және ашықтық, білімге ұмтылу және адамгершілік – Гулнара Шәріпқызының жұмыс жүргізу тәсілі.