Өмірбаян
Сахова Мөлдір Бекбосынқызы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара ауданындағы Байырқұм елді мекенінде 1974 жылы сәуір айының 10 жұлдызында педагогтар отбасында дүниеге келген.
Әкесі Сахов Бекбосын- директор қызметін атқарған, «Тыл ардагері», «Халық ағарту ісінің үздігі» төс белгісінің, Ленин орденінің иегері.
Анасы Сахова Жадыра – ұзақ жылдар бойы білім саласында бастауыш сыныбының мұғалімі болып қызмет атқарған.
Мөлдір Бекбосынқызы 1981 жылы Байырқұм ауылындағы М.Шаханов (бұрынғы Гоголь) атындағы жалпы орта мектебінің бірінші сыныбының табалдырығын аттады. Бала кезінен бастап ата-анасының тәрбиесін бойына сіңірген Мөлдірдің де арманы ата-анасы сияқты ұстаз болуы еді. Сол арманына жету үшін мектеп табалдырығында жүріп-ақ сабағын жақсы оқумен қатар мектепішілік, аудандық түрлі білім сайыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болады. 1991 жылы аталған мектепті бітіріп, 1992 жылы Оңтүстік қазақстан облысы Халықаралық Қазақ араб университетінің «Қазақстан тарихы және араб тілі» факультетіне түсіп, 1996 жылы аталған оқу орнын қызыл дипломмен бітіріп шығады. Сол жылы Шымкент қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясына араб тілі пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. 1999 жылы Халықаралық Қазақ –Түрік университетінің тарих факультетіне сырттай бітіріп шығады. Мектепте мұғалім болып жүріп өзінің сабақ беретін сыныптарындағы шәкірттеріне терең білім беріп, олардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра білді. Сонымен бірге шәкірттерін түрлі қалалық, облыстық білім сайыстарына қатыстырып, өзі де, шәкірттері де жүлделі орындарды иемденді. Сондай іскерлігі мен ізденімпаздығының, білімділігінің арқасында 2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы №60 жалпы орта мектебіне директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары болып ауысады. 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап аталған мектептің директоры болып тағайындалды.
«Біліп қана қою, ниеттену ғана аз, сол біліміңді қолданып, ниетіңді іске асыру қажет!» деген даналық сөзді өмірлік ұстанымы етіп алған Мөлдір Бекбосынқызы мектеп директоры болып тағайындалған күннен бастап мектепте ұстаздардың біліктілігі мен іскерлігіне, ұстаздық этикасына, мектеп оқушыларының тәрбиесі мен біліміне баса назар аударуды басшылыққа алды.
2008 жылы Ы.Алтынсарин Ұлттық білім беру академиясынан Құрмет грамотасы;
2008 жылы ОҚФ КҒА Мадақтама;
2009 жылы ҚББ Құрмет грамотасы;
2009 жылы ОББ Құрмет грамотасы;
2010 жылы Облыстық ПКБАИ Мадақтама;
2011 жылы қала әкімі А.Жетпісбаевтан Алғыс хат
2012 жылы Ы.Алтынсарин атындағы кітапхана директоры Р.Қарсыбековадан Алғыс хат
2012 жылы Абай ауданы әкімі Алғыс хаты;
2013 жылы « Ы.Алтынсарин» атындағы «Төс белгі»
2013жылы ҚР ОҚО «Qurmet-AB» қоғамдық бірлестігінің «Білім беру ісінің үздігі» медалі;
2014 жылы ОКК Құрмет грамотасы;
2014 жылы Нұр Отан партиясы ОҚО филиалы Алғыс хаты;
2015ж. Абай ауданы әкімдігі Алғыс хаты ;
2015ж Нұр Отан партиясы ОҚО филиалы Алғыс хаты;
2015ж. Ғылым спорт және мәдениет қызметкерлері кәсіподағының
«Ұлағатты ұстаз »төс белгісі
2016ж. ОҚҰ мадақтама НЗМ.ДББҰ шеберлік орталығы.
2016ж. ОҚО Кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасы
2017ж. Шымкент қаласы қорғаныс істер жөніндегі басқармасының алғыс хаты
2018ж. Қалалық білім бөлімінің алғыс хаты
2018ж. "Өрлеу" Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының алғыс хаты