Единая блог-платформа Единая блог-платформа
Директоров организации общего среднего образования государственной формы
собственности города Шымкент Республики Казахстан

eye 
ГлавнаяБлог руководителей
Коммунальное государственное учреждение «Специализированная школа-интернат №2 на трех языках» - Абайский район
Қазақстанда білім беру үрдісінің өзіндік ұлттық үлгісі орнығып, жаңа мазмұндағы оқыту жүйесі қалыптасуда. Дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсаты көзделіп, әрбір ғылым саласында нақты өзгерістер енгізілуде. Мұндай түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесінің даму бағыттарын нақтылап, оны тың арнаға, жаңа сапаға қарай дамыту қажеттілігін міндеттейді. «Терең білім – Тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаматтарымыздың алдаспаны», – деген Елбасы сөзі ұлтымыздың ұранына айналғандай.
Білім – адамзаттың сарқылмас қазынасы. Адамзат білімімен ғана басқалардан озады. Сондықтан заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов: «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім», – деген.
Ұлттың білімі мен біліктілік сапасын анықтайтын орта – мектеп. Жас ұрпаққа білім мен тәрбиенің сарқылмас көзі мектепте беріледі. Шымкент қаласындағы сондай білім мен тәрбиенің ордасына айналып келе жатқан мектептердің бірі - №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты.
Білім – тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күретамыры.
Бүгінгі таңда бәсекеге қабілеттілік білікті мұғалім мен сапалы маманға байланысты. Педагогикалық ұжымның еңбегінің жемісі мектептің өрге тартқан өмір көшінің алды болуынан көрінеді. Мектебіміздің оқушылары да, мұғалімдері де білім, өнер, спорт саласынан халықаралық, республикалық, қалалық деңгейде жетістіктер көрсетіп келеді.
Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену бар. Қазақ мектебі болып келе жатқан №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатынан жыл сайын түлектер қанатын қағып, еліміздің, шет елдің жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастырып жүр. Болашақ Қазақстанның білікті мамандары болатыны сөзсіз. Сондықтан да ұлттық тұғырын берік ұстап келе жатқан білім ордасының өткені мен бүгінгі келбетін көрсететін осы сайт көпшілік көңілінен шығады деп ойлаймын.
Құрметпен, №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты директоры Сауранбаев Сапарғали Жакиұлы

  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
Фамилия имя отчество:


Тематика вопроса:


Вопрос:


Введите код с картинки:


Сауранбаев Сапарғали Жакиұлы
Коммунальное государственное учреждение «Специализированная школа-интернат №2 на трех языках»

Биография
Личный кабинет