Өмірбаян
Қантаева Эльмира Бақытқызы – 1978 жылы 06- маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы Жамбыл елді мекенінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
М.Әуезов атынддағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. Мамандығы – тарих пәнінің мұғалімі.
Қантаева Эльмира Бақытқызы 2001 жылы Шымкент қаласындағы №72 жалпы орта мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып қабылданды.
Жұмысқа келген алғашқы күннен ақ, жас маман болса да өзінің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін ұжымға көрсете білді. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, өзіндік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруда аянбай еңбек етіп, мектептің түрлі қоғамдық жұмыстарына белсене араласты.
2011 жылы №72 жалпы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Мектептің тәрбие саласында жүріп те өзін жақсы жағынан көрсетті. Мектеп оқушыларының білімі ғана емес, тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, түрлі іс шараларды ұйымдастыру арқылы өзінің ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары екендігін көрсетті. Көпшілікпен тіл табысып, ұжым ортасында да беделге ие болды.
2017-2018 оқу жылдан бастап директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Осы салада да өзінің ізденімпаздығы мен іскерлігін көрсетті. Жас мамандарға әдістемелік көмектер, оқушылардың білім сапасын арттыруда түрлі коучинктер мен семинарлар ұйымдастыруға ат салысты.
Осындай еңбектері арқасында түрлі жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтсақ, 2013 жылы Шымкент қалалық білім бөлімінің алғыс хатымен, ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар Кеңесінің алғыс хатымен, 2015 жылы қағазымен, 2017 жылы ОҚО білім басқармасының құрмет грамотасымен һ, 2018 жылы Шымкент қалалық білім бөлімінің алғыс хатымен, 2018 жылы Қаратау ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
2014 жылы «Ұстаз жаршысы» республикалық ақпараттық – танымдық педагогикалық басылымда, 2014 жылы «Ашық ақиқат» республикалық қоғамдық – саяси экономикалық, әлеуметтік, ұлттық- мәдени ақпараттық басылымда, 2018 жылы «Білікті ұстаз» республикалық ғылыми – әдістемелік педагогикалық журналда әдістемелік мақалалары жарияланған.
Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін жас ұрпаққа арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын Эльмира Бақытқызының еңбегі ерекше.
2020 жылдың 14 желтоқсанынан бастап № 137 жалпы орта білім беретін мектептің директоры болып тағайындалды.