-Садықбек Гауқар Абдуллақызы- 1982 жылы Шымкент мемлекеттік педагогика
институтының математика факультетін бітірді;
– 1982-1989 жылдары Шымкент қаласы,№25 мектепте математика пәні мұғалімі;
- 1990-1997 жылдары Отырар ауданы ,Ш.Уәлиханов,Ы.Алтынсарин мектептерінде
математика пәні мұғалімі;
-1999-2020 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияда
математика пәні мұғалімі;
- 2011-2021жылдары Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияда
директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
-2021 жыл қыркүйек –қараша айында «Жалын» жалпы білім беру мектебінің
директордың бейін ісі жөніндегі орынбасары;
-2021 қараша айынан «Жалын» жалпы білім беру мектебінің директоры қызметін
атқарады;
Садықбек Гауқар Абдуллақызы – білікті маман. Шымкент қаласы білім басқармасының аттестаттау комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №504 бұйрығының 4-қосымшасына сәйкес бірінші санатты басшының орынбасары лауазымы бойынша біліктілік санаты бар. Тәжірибелі жетекші дәрежесіне өзінің жан – жақты ізденгіш қабілеті мен адамгершілік іс – қимылымен және кәсіптік шеберлігінің тереңдігімен жетті. Ұжым арасында беделді, өзін жақсы жақтарымен көрсете білген, ізденімпаз, жаңашыл ұстаз.Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, өзіне берген тапсырманы дер кезінде жауапкершілікпен атқарады. Жұмысының жүйелі жүргізілуіне ықпал етудегі еңбегі нәтижелі. Қоғамдық жұмыстардың белсенді мүшесі. Қызмет барысында өзін сауатты, жұмысына тыңғылықты екендігін көрсетті.
Садықбек Гауқар Абдуллақызы –рухани- адамгершілік жағынан сауатты, білікті маман.Оның басты мақсаты – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде шәкірттеріне жүйелі түрде бағыт бере отырып, оқушыларын саналы болуға бейімдеу.
Мемлекеттік тілді еркін меңгерген, өзінің кәсіби деңгейін, жетілдіріп отыратын көшбасшы ұстаз. Ақпараттық ресурстарды кеңінен қолдана алады. Педагог қызметкерлерге, жас мамандарға оқу процесін түрлендіріп өткізуге, тәрбие әдістерін меңгертіп, жаңартылған білім мазмұнды бағдарламаларын пайдалануды ізденімпаздыққа бағыттау арқылы жұмыс жасайды.
Директордың оқу-тәрбие жұмысының орынбасары ретінде
1) 2011 ж. Қалалық білім бөлімі. Алғыс хат; Шымкент -2011 ж.
2) 2013 ж. Облыстық білім басқармасы. Құрмет грамотасы.Шымкент-2013 ж.
3) 2013 ж. Еңбекшіаудандық «НұрОтан» партиясы. Мадақтама. Шымкент-2013ж.
4) 2014 ж. Шымкент қаласы білім бөлімінің басшысы. Алғыс хат. Шымкент-2014ж
5) 2014 ж.Шымкент қаласы кәсіподақ комитетінің төрағасы. Мадақтама. Шымкент-2014 ж.
6) 2014 ж. «ОҚО мен Шымкент қаласы бойынша білім және спорт және мәдениет қызметкерлерінің кәсіподағы» Мақтау қағазы; Шымкент №239, 2014 жыл.
7) 2014 ж. Шымкент қалалық білім бөлімі Алғыс хат; Шымкент №966, 2014 жыл
8) 2015 ж. «ОҚО мен Шымкент қаласы бойынша білім және спорт және мәдениет қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі комиссиясының 2015 жылғы 18 қыркүйектегі №04 шешімі негізінде «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі
9) 2016 ж. ОҚОбілім,жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының Құрмет грамотасы; Шымкент-2016 жыл
10) 2016 ж. Қала әкімінің Алғыс хаты; Шымкент-2016 ж
11) 2019ж. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі. Құрмет грамотасы.Нұр-Сұлтан-2019 ж
12) «SERPIN» білім және инновация ұлттық палатасы.Алғыс хат. Алматы-2018-2019 ж.ж.
13) SERPIN ұлттық білім және инновация палатасы.BILGEN ұлттық авторлық методика және бағалау орталығы BILGE халықаралық ақыл ойды дамыту орталығы.Диплом. Шымкент ВВМО2192841.2019 ж
14) 2020 ж. «Жас ғалым-Жастар» КК-ніңтөрағасы,Президенттік «Жасұлан» жастар ұйымының төрағасы.Диплом II орын. №1516.2020ж
15) 2020 ж.Еңбекші аудандық «НұрОтан» партиясы.Алғыс. Шымкент-2020
16) 2022 ж. Шымкент университеті ректорының Алғыс хаты.Шымкент-2022
17) 2022 ж. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. «Парыз 2022» республикалық конкурсына қатысқаны үшін Алғыс хат. Астана, 2022 жыл
18) 2023 ж. «Жас ғалым-Жастар» КК-ніңтөрағасы және «Алтын ұя» ғылым мен
білімді қолдау орталығы.Алғыс хат.№0042 2023 ж
Садықбек Гауқар Абдуллақызы – заман талабына сай тәрбиелеу мен дамыту әдісі негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру бағытында жұмыс жасауда. Ұстаздық шеберлік, кәсіби біліктілігін көрсетумен жас ұрпақты тәрбиелеуде білім беру саласында бұқаралық ақпараттарда мақалалары жарық көрген.
2016 ж. «Алтын ақпарат» Веб-порталында «Оқытудың интербелсенді әдістері арқылы дарынды оқушылардың белсенділігін арттыру» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.
Садықбек Гауқар Абдуллақызы – көшбасшы , қарапайым, моральдік ұстанымы жоғары білікті ұстаз.