Автобиография
Амирова Акмарал Комеккызы,1967ж. 15.05 күні Ақмола облысы Қорғалжын ауданында дүниеге келген. Шымкент қаласының тұрғыны. Білімі жоғары, Шымкент қаласының М.Әуезов атындағы педагогикалық институтын 1988жылы бітірген.Еңбек өтілі 33жыл: Оның ішінде: 1988жылдан бастап №120 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде 25жыл еңбек етті:
1. 1992жыл- мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
2. 1993жыл-бастауыш сынып меңгерушісі
3. 2000жыл-мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
4. 2013жылдан бастап осы уақытқа дейін №126 «Айнатас» негізгі орта мектебінің директоры жұмысын атқаруда.
Барлық еңбек өтілінде үздіксіз орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі.
Орыс тілі пәнінен оқушылары аудандық, облыстық пәнаралық олимпиадаларда 1,2-ші орындарға ие болған, үнемі оқушылармен кіші ғылыми академия жұмысын жасап келеді.Жас мамандарға тәлімгер ретінде жұмыс жасау барысында ашық сабақтар, семинарлар, коучинктер өткізуде.Заман талабына сай мектепте сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін білім жүйесіне өзгеріс енгізудегі алғашқы тұлға ретінде «Жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері-сапалы оқудың көзі» атты даму жоспары негізінде жұмыс жасауда. Соңғы 3-жылдағы нәтижелер : «Международный конкурс-научно-исследовательских и творческих работ учащихся «Старт в науке»»-
3-орын және медаль «За успехи в образовании юношества» , 2018ж. «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми –зерттеу орталығынан «Мәртебелі ұстаз» атты Республикалық байқауының жеңімпазы I дәрежелі диплом 2019ж, Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың «Құрмет» грамотасы 2019ж., 2020ж.
«Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми –зерттеу орталығынан «Жылдың үздік директоры» атты Республикалық байқауында -I дәрежелі диплом, 2019ж. Орыс тілі пәні мұғалімі ретінде жаңартылған білім беру бағдарламасын оқығндығы туралы сертификат, 2019ж. Білім беру ұйымдарының біліктілігін арттыру бағдарламасын Астана қаласы, ПШО орталығында оқыған.Ұстаз және басшы ретінде «Мектеп директоры», «Ұлт ұстазы» журналдарына «Үздік директор» , «Әлем өзгеруімен біз де өзгереміз»материалдар жинағына мақалалары шыққан. Отбасылы. Ұлы мен қызы да ұстаздық жолын таңдаған. Ұлы-Қазақстан Республикасының спорт шебері, тренер, қызы-, сарапшы санатындағы ағылшын тілі пәні мұғалімі.