Өмірбаян
Мен, Усипбеков Асылхан Пернебайұлы 1980 жылы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Мәдени ауылында туылдым. Ұлтым – қазақ.
1997 жылы Шымкент қазақ-түрік шығыстану лицейін бітірдім.
2001 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін информатика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірдім.
Ата-анам бар: Әкем – Пернебай Усипбеков–жеке кәсіпкер, анам – Гулшара Усипбекова – зейнеткер. Отбасым бар: жұбайым – Венера Абдугалиқызы, жоғары білімді маман, ағылшын тілі мұғалімі. Үш қызым бар. Әскери қызметке міндеттімін. Запастағы лейтенант атағым бар.
Қазақ, түрік тілдерін жақсы, ал орыс, ағылшын тілдерін орташа білемін.
Еңбек жолымды 2001 жылы Көкшетау қаласындағы қазақ-түрік лицейінде тәрбиешілікпен бастадым. 2002-2005 жылдар аралығында аталған лицейде инженер-программистің қызметін атқардым.
2005 жылы А.Мәлкеев атындағы Есік қазақ-түрік жасөспірімдер шығыстану лицейінде информатика пәнінің мұғалімі қызметін атқардым.
2006-2008 жылдары Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған қазақ-түрік лицейінде информатика пәнінің мұғалімі қызметін атқардым.
2008 жылдың қырқүйек айынан бастап Қызылорда қаласындағы №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында информатика пәнінің мұғалімі және “KATEV” тарапынан директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.
2009 жылдың 22 қыркүйегінен бастап 2011 жылдың тамыз айына дейін №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында директор қызметін атқардым.
2011 жылдың қыркүйек айынан бастап 2015 жылдың шілде айына дейін №3 Кентау қазақ-түрік дарынды ер балалар лицей-интернатынды директор қызметін атқардым.
2015 жылдың шілде айынан бастап 2015 жылдың қараша айына дейін №1 Қарағанды қазақ-түрік дарынды ер балалар лицей-интернатынды директор қызметін атқардым.
2015 жылдың қараша айынан бастап 2016 жылдың маусым айына дейін №2 Шымкент қазақ-түрік дарынды қыз балалар лицей-интернатынды директордың бейіндік оқыту жөнінен орынбасары қызметін атқардым.
2016 жылдың маусым айынан бастап Атырау қаласында орналасқан SilkWay мектеп-лицейінде директор қызметін атқардым.
2019 жылдың қараша айынан бастап Шымкент қаласындағы «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатында директор болып қызмет атқарудамын.
Білімім мен біліктілігімді жетілдіру мақсатында түрлі курстардан өтіп отырдым. Жыл сайын “KATEV” ХҚҚ-ның ұйымдастырумен өткізілетін курстарға қатыстым. 2007 жылы осы мақсатта “INTEL PRESS” – тің ағылшын тілі курсынан өттім. 2007 жылы “ST ELECTRONICS” компаниясының “MERITS”-ті оқыту курсынан, “Zambak”-тің “Teaching Information Technology” атты информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған курсынан өттім. 2008 жылы 2 мәрте “Microsoft” компаниясының «Network Services» және «Microsoft Internet Security» курсынан өттім. Сол жылы “Mayasoft” фирмасының «Microsoft Windows Server 2003» курсынан да өттім. КАТЕВ ХҚҚ-ның ұйымдастыруымен өткізілген: 23-26.09.2009 жылы «Мамандандырылған мектеп жағдайында балалардың дайындылын дамытуды ғылыми-әдістемелік сүйемеледеу және ұйымдастыру», 11-14.08.2012 аралығында «Мектепті басқару: жоспарлау және бақылау», 7-9.09.2012 аралығында «Басқарудағы инновациялық техгологиялар – сапалы білім негізі», 2012 жылы «Білім беру ұйымында оқу- тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы инновациялар», 2013 жылы «Educational Management», 2014 жылы ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсы, 2015 жылы «Мәңгілік Ел – Ұлттық білім берудің сапасын жақсарту», 2017 жылы «Жоба негізінде білім алу» атты курсты, 2017 жылы «Education Leadership» атты курсты, 2018 жылы «Effective School Leadership & Managment» атты курсты, 2019 жылы «The Buildre’s Lab» атты курсты, 30.03-10.04.2020 жылы аралығында «Педагогикалық қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын қалыптастыру негіздері», 08.09-18.09.2020 жылы «Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері», 19-30.04.2021 жылы «Қашықтан басқару, білім беруді цифрландыру жағдайында оқу үдерісін тиімді басқару және конструктивті жоспарлаудың негізі ретінде», 11.03.2022 жылы 430 академиялық сағаттық «Мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» тақырыптарында курстар мен саминарларға қатысып, өз біліктілігім мен білімімді көтердім.
2006-2012 жылдар аралығында облыстық олимпиада мен ғылыми жоба байқауында информатика пәнінен дайындаған 7 оқушым – І орын, 5 оқушым – ІІ орын, 10 оқушым – ІІІ орын иеленді.
№10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында басшылық еткен 2 жылымда лицей-интернат мынадай жетістіктерден көріне білді: Облыстық ғылыми жоба байқауында 15 жүлделі орынды, облыстық олимпиадада 19 жүлделі орынды иеленсе, Халықаралық ғылыми жоба байқауында 3 «Алтын медаль», 5 «Күміс медаль», 2 «Қола медаль» иеленді. ҰБТ-да орташа көрсеткіші – 2009-2010 оқу жылы 112,8 болып, 8 «Алтын белгі», 3 «Үздік» аттестат, 2010-2011 оқу жылы 112,8 болып, 12 «Алтын белгі», 13 «Үздік» аттестат дәлелденді.
№3 Кентау қазақ-түрік дарынды ер балалар лицей-интернатында басшылық еткен 2 жылымда лицей-интернат мынадай жетістіктерден көріне білді: Облыстық ғылыми жоба байқауында 14 жүлделі орынды, облыстық олимпиадада 17 жүлделі орынды, республикалық пән олимпиадасында 1 жүлделі орынды иеленсе, Халықаралық ғылыми жоба байқауында 3 «Қола медаль» иеленді. ҰБТ-да орташа көрсеткіші – 2011-2012 оқу жылы 98,5; 4 «Алтын белгі», 3 «Үздік» аттестат, 2012-2013 оқу жылы 102,3; 8 «Алтын белгі», 2 «Үздік» аттестат дәлелденді.
Дарынды балаларды қолдау мен жетілдіру жолындағы қол жеткен табыстарым үшін 2007 жылы “Дарын” РҒПО-ның “Құрмет грамотасымен”, 2009 жыл, 2010 жылы облыс әкімі орынбасарының «Алғыс хатымен», 2011 жылы «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары «Алғыс хатымен», 2010 жылы Қазақстан Республикасы президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің «Алғыс хатымен», Облыстық кәсіподақ комитеті мен облыстық білім басқармасының «Алтын глобус» номинациясымен, 2008 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының “Алғыс хатымен”, Астана медицина университетінің «Алғыс хаттарымен», 2013 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің «Алғыс хатымен», 2013 жылы ОҚО, Кентау қаласы әкімінің «Мақтау қағазымен», 2013 жылы «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен», 2014 жылы ОҚО білім басқармасының «Құрмет грамотасымен», ПШО-ның «Алғыс хатымен», 2015 жылы «Дарын» РҒПО-ның «Құрмет грамотасымен», 2017 жылы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, 2021 жылы Шымкент «Дарын» орталығының «Құрмет грамотасымен», «Дарын» РҒПО-ның «Құрмет грамотасымен», ҚР Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен», 2022 жылы Шымкент «Дарын» орталығының «Құрмет грамотасымен», «Дарын» РҒПО-ның «Алғыс хатымен», Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталдым.
Мекен жайым: Шымкент қаласы, Отырар ықшам ауданы 56 үй, 65 квартира. Тел: 8 707 6679701