Орынбеков Арман Шымбайұлы
№90жалпы орта білім беретін мектеп, коммуналдық мемлекеттік мекеме директоры
1978 жылы Шымкент қаласының тумасы; №47, №65 мектеп-гимназияларында оқыған, 15 жасында орта мектепті аяқтап,
19 жасында ЖОО бітірген;
1997 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті тарих пәні мұғалімі;
2014 жылы ҚИПХДУ, педагогика саласындағы тарих ғылымы, магистратура;
- Педагогика саласындағы тарих ғылымының магистрі;
- Қазақстанның педагогикалық академиясы «Профессор» академиялық дәрежесі;
- халықаралық бақылаушы;
- Педагогикалық жұмыс өтілі – 26 жыл.
ҚР БҒМ ҰТО-ның тест әзірлемешісі, сарапшысы және аппелляциялық
комиссия мүшесі.
Ғылыми-әдістемелік еңбектері:
1. “Қазақ халқының билік айту және жаза қолдану дәстүрлері» атты кітабы, «Нұрлы бейне», Шым. (2003),
2. «Оқушылардың ғылыми жұмыстарын дайындауға арналған жетекші әдістемелік нұсқаулар» атты әдістемелік еңбегі, «Нұрлы бейне», Шым. (2004),
3. «Адамзаттың, түркілердің ұлы қолбасшысы Аттила (Еділ)» тарихи топтама кітабы, «Нұрлы бейне», Шым. (2005),
5. «Ежелгі дүние тарихы» (кестелер мен тест сұрақтарының жинағы) кітабы, «Нұрлы бейне», Шым. (2007),
6. «Дүние жүзі тарихы» көмекші оқу құралы, «Нұрлы бейне», Шым. (2008),
7. «Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» көмекші оқу құралы, «Нұрлы бейне», Шым. (2008),
8. «Қазақстан тарихы» (Тесттер жинағы) көмекші оқу құралы, «Нұрлы бейне», Шым. (2009),
9. «Қазақстан тарихы» анықтамалығы, «Нұрлы бейне», Шым. (2009),
10. «Қазақстан тарихы» анықтамалығы, «Нұрлы бейне», Шым. (2010),
11. «Қазақстан тарихы» анықтамалығы, «Әлем» баспасы, Шым. (2014),
12. «Қазақстан тарихы» әдістемелікоқу құралы, «Әлем» баспасы, Шым. (2014).
13. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 5-11-сыныптарға арналған жұмыс дәптерлері, «Әлем» баспасы, Шым. (2013-2016жж),
14. «Қазақстан тарихы» оқу құралы, «Арман ПВ», Алматы, (2017),
15. «Қазақстан тарихы» оқушы анықтамалығы 5-9-сыныптар, «Арман ПВ», Алматы, ( (2017).
16. «Қазақстан тарихы» оқу құралы, «Арман ПВ», Алматы, (2018);
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары:
ҚР БҒ министрі Ж.Түймебаевтың Алғыс хаты;
ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығының» Алғыс хаттары;
«Сала көшбасшысы» және «Кәсіби еңбегі үшін» төсбелгілері, (Астана қаласы);
Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін төсбелгісі, (Алматы қаласы);
«ОҚО Шымкент қаласы бойынша білім, спорт және мәдениет қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Білікті басшы» төсбелгісі; «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі;
ОҚО Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Н.Бекназаровтың Алғыс хаттары (2015-2016 жж.);
Нұр Отан ХДП Шымкент қалалық филиалының Алғыс хаттары;
ОҚО білім басқармасының Құрмет Грамоталары;
Шымкент қалалық білім бөлімі басшысының Алғыс хаттары;
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хаттары (2013-2017жж.);
Шымкент қаласының «Үздік мектеп директоры – 2017 жыл» номинациясының иегері, Шымкент қаласының әкімі Н.Сауранбаев;
ОҚО «Үздік мектеп директоры, тәлімгері – 2017 жыл» номинациясының иегері, ОҚО әкімі Ж.Түймебаев;
«Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі, облыс әкімі Ж.Түймебаев;
Ы. Алтынсарин төсбелгісі.
2012-2018 жж. аралығында ҰБТ көрсеткіші: 2012-2013 жж. орта балы – 90 ( Алтын белгінің орта балы-110), Грант саны – 25; 2013-3014 жж. орта балы - 93,4 (А.б.орта балы – 116), Грант саны – 52; 2014-2015 жж. орта балы -100,7 (А.б. орта балы – 117), Грант саны – 79; 2015-2016 жж. орта балы- 98,2 (А. б. орта балы -117), Грант саны – 74; 2016-2017жж. орта балы -100,1(А. б.орта балы-117,8), Грант саны – 70, қатарынан 6 жыл бойы ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсетіп, қала мектептері арасында І орынның тұрақты жеңімпазы; 29- Алтын белгі, 11- Үздік аттестат, 314- Грант иегері. 2017-2018жж. орта балы – 98, 11 – Алтын белгі, 9 – Үздік аттестат, 6 жыл ішінде жалпы саны – 40 Алтын белгі, 20 – Үздік аттестат иегері шықты.
Білім саласына қосқан ерен еңбегі және дарынды балаларды анықтап, олардың дарындылығын дамытуға қосқан үлесі үшін «Білім саласындағы үздіктер» Халықаралық энциклопедиясына, (Мәскеу, 2015 жылы) және «Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы» энциклопедиясына, (Алматы, 2010 жылы, І жарияланым) енген.